Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қарттар күніне орай ардагерлерге арналған арнайы іс-шара өтті.
Бұл күн – өмір жолында мол тәжірибе жинаған, кейінгі ұрпаққа өнеге болып жүрген қарттарымызға құрмет көрсетудің ерекше мерекесі. Ардагерлеріміз ұлттық паркте соңғы жылдары атқарылып жатқан жұмыстармен, табиғатты қорғау бағытындағы жобалармен және жаңадан салынған нысандармен танысты.
Кездесу барысында зейнеткер ардагерлеріміз өздерінің естеліктерімен бөлісіп, алдағы жоспарларға қатысты ақыл-кеңестерін айтты. Олар табиғатты қорғау ісіне деген шынайы жанашырлығымен, өмірлік тәжірибесімен жас ұрпаққа үлгі бола білді.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымының атынан барлық ардагерлерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен өмірлік жолдарыңыз — біз үшін қашан да қадірлі әрі үлгі.