Skip to content

🐦 1 сәуір – Халықаралық құстар күні “Парктер шеруі” және…

🐦 1 сәуір – Халықаралық құстар күні

“Парктер шеруі” және “Таза Қазақстан” экологиялық акциялары аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ерен тоғайы аумағында Бахар ауылының “А.Розыбакиев атындағы орта мектебі” оқушыларымен бірлескен экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара екі команда арасында сайыс түрінде өтті. Қатысушылар:
🔹 құстарға ұя жасау
🔹 сурет салу
🔹 сұрақ-жауап кезеңдері бойынша өзара бақ сынасты

Парк қызметкерлері оқушыларға ұлттық парк аумағында мекендейтін құстар туралы танымдық ақпарат беріп, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндірді.

🐦 Іс-шара барысында парк аумағына құстарға арналған ұялар ілініп, қанатты достарымызға қамқорлық көрсетілді.