Skip to content

2026 жылдың 6 ақпанында Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар…

2026 жылдың 6 ақпанында Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында мемлекеттік орман қоры аумағында 2025 жылғы өрт қауіпті маусымының қорытындылары мен 2026 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті, табиғат қорғау мекемелері және Алматы облысының орман шаруашылығы мекемелері, «Қазаэроорманқорғау» РМКК Алматы авиа бөлімшесі, сондай-ақ «ҚТЖ» АҚ мен «Алматы сигнализация дистанциясының» өкілдері қатысты.

Жиында мемлекеттік орман қоры аумағында 2026 жылы өрт қауіпті маусымына дайындық маселелері
талқыланды.