Бұл мереке – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және даму жолындағы жетістіктерін айшықтайтын ерекше күн.
Осы айтулы күнге орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
🔰Бас есепші А. Нұрсеитов – өз ісіне адалдығы мен абыройлы еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
🔰Аға ғылыми қызметкер М. Жумаров пен кадр жөніндегі инспектор К. Сатыбалдиева – табиғатты қорғау ісіне сіңірген еңбегі мен жауапкершілігі үшін Алғыс хаттарға ие болды.
🔰Бұл марапаттар – әріптестеріміздің кәсіби шеберлігі мен туған табиғатты қорғауға қосқан үлесінің жемісі.
🔰Шарын ұлттық паркі ұжымы атынан барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз елене берсін, табиғатты қорғау жолындағы игі істеріңізге табыс тілейміз!