Skip to content

♻️30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күнге орай Шарын мемлекеттік ұлттық…

♻️30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күнге орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері аудан тұрғындарының экологиялық мәдениеті мен қоршаған орта тазалығына деген көзқарасын анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент өткізді.

♻️Адам көп шоғырланған орындарға қоқыс қалдырылып, тұрғындардың әрекеті бақыланды. Нәтижесінде қоршаған ортаға бейжай қарамай, қоқысты арнайы жәшіктерге тастаған азаматтар анықталды.

✅Тазалыққа жауапкершілікпен қараған тұрғындарға ұлттық парк атынан экосөмкелер мен сыйлықтар табысталды.

Табиғатты таза ұстау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!