Бұл атаулы күні Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында:
- Ұлттық парктің әсем табиғатын бейнелейтін фото-көрме;
- Қолөнер бұйымдарының көрмесі;
- Экологиялық акцияларға белсенді қатысқан оқушылар мен мекемелерді марапаттау рәсімі;
- Тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында ұлттық парк қызметкерлері табиғат-Ананы аялау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында Алматы-Шонжы тас жол бойындағы аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өтетін «Парктер шеруі» халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында жүзеге асырылды. Тазалық жұмыстарына ұлттық парктің 50-ге жуық қызметкерлері жұмылдырылып, аумақ 1 тоннаға жуық қоқыс қалдықтарынан тазартылды.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосады.