Skip to content

🌿 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ 🔹Ұйғыр ауданында «Экологиялық вандализммен күресу жолдары,…

🌿 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

🔹Ұйғыр ауданында «Экологиялық вандализммен күресу жолдары, креативті шешімдер» тақырыбында облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Аталған шараға Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, облыстық және аудандық Аналар кеңесінің мүшелері мен белсенді жастар қатысты.

🔹Семинардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілік пен құрметті арттыру, сондай-ақ экологиялық вандализмнің алдын алу.

Шара барысында табиғатты сақтау, экологиялық тәрбие беру және қоғамның экологиялық жауапкершілігін күшейту бағытындағы өзекті мәселелер талқыланып, креативті ұсыныстар ортаға салынды.