Skip to content

🌈Шарын ұлттық паркі балаларға шаттық сыйлады! 1 маусым – Халықаралық…

🌈Шарын ұлттық паркі балаларға шаттық сыйлады!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектептің» оқушылары үшін ерекше мерекелік экскурсия ұйымдастырды.

☀️Балалар табиғат аясындағы көрікті Ерен тоғайына саяхат жасап, ұлттық парктің әсем табиғатымен танысты. Танымдық серуен барысында бүлдіршіндерге табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту туралы қызықты мәліметтер берілді.

🍭Мерекелік шара барысында балалар түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған қызықты сайыстарға белсенді атсалысты. Шара соңында кішкентай қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, мерекелік қуаныш сыйланды.

Балалардың шат күлкісі мен жарқын жүздері – бұл күннің басты сыйы болды.

🎉 Барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалық шақтарыңыз бақытқа, қуанышқа және жарқын әсерлерге толы болсын!