Skip to content

🌿 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және…

🌿 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күні құтты болсын! 🌿

🔹Бұл мереке – табиғатты қорғау ісіне адал қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі. Қоршаған ортаны сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және табиғи мұраны келер ұрпаққа аман жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

🔹«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі табиғи кешендер мен бірегей ландшафтарды сақтау, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, экологиялық ағарту мен экотуризмді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Ұлттық парк қызметкерлері табиғат байлығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп, еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын сақтауға өз үлестерін қосып келеді.

🔹Осы мерейлі күні табиғатты қорғау саласында еңбек етіп жүрген барша мамандарға зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби жетістіктер мен жаңа бастамаларға толағай табыс тілейміз. Еліміздің экологиялық тұрақтылығы мен табиғи байлығын сақтау жолындағы игі істеріңіз әрдайым жемісті болсын!