Ұлттық табиғи паркте орман орналастыру жұмыстары басталды
🔰Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында “Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны” РМҚК мамандарының қатысуымен жоспарлы далалық орман орналастыру жұмыстары басталды.
🔹Аталған жұмыстардың мақсаты – орман қорының қазіргі жай-күйін анықтау, орман алқаптарын түгендеу, орман ресурстарын бағалау және алдағы тексеру кезеңіне арналған орман шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген іс-шараларын жобалау.
🔹Орман орналастыру жұмыстары орман қорын тиімді басқаруға, табиғи ресурстарды сақтауға және ұлттық парк аумағындағы экожүйелердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара