🔰«Эколог күні» кәсіби мерекесіне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту маманы Батырханова Айдана Нұрланқызы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
🔶Аталған марапат экология саласының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі, табиғатты қорғау ісін насихаттау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы еңбегі үшін табысталды.
✨Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жұмысына табыс, шығармашылық жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!

