🌱Оқушылар парктің құрылу мақсаты, міндеттері, тыныс-тіршілігі, цех жұмысымен танысып, “Табиғат мұражайына” саяхат жасап, ұлттық парк аумағында мекендейтін жануарлар, құстар, өсімдіктер дүниесі жайлы кеңінен мағұлмат алды.
📗Оқушылар парк директорымен кездесіп, сұхбаттасып, парк жұмысы жайлы көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Өз кезегінде Гүлмира Нұралықызы оқушылардың туған жердің табиғатын танып-білу жолындағы зор ынталарына ризашылығын білдіріп, ұлттық парк атынан кітаптар тарту етті.