Skip to content

Парк аумағында өте сақ құс – Аққұтан кадрға түсті.

Аққұтан (Ardea alba) – ескекаяқты құстар отрядының құтандар тұқымдасына жататын ірі әрі өте сақ құс. Түсі ақ, салмағы 1,5 кг, қанатының ұзындығы 40-45 см болады. Қимылы баяу, үн шығармайды. Олар топтасып тіршілік етеді, ұя салар кезінде қамыстың арасында шағын топ немесе жеке-жеке жұп құрады. Мекиені 3-5 ақ, көкшіл тартқан жұмыртқа салады да, оны екеуі кезектесіп басып шығарады. Балапандарын 45 күн ұяда асырайды. Ақ құтан балықпен, көлбақалармен, көкқасқа шегірткемен, инеліктермен, жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, ұсақ кеміргіштермен, кесірткелермен қоректенеді.

Аққұтан – жыл құсы. Қазақстанға наурыз айында ұшып келеді де, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір Аққұтандар Қазақстанның оңтүстігіндегі қатпайтын өзендердің бойында қыстап қалады. Бір кезде Аққұтандар қауырсынына бола көп ауланған. Аққұтан — сирек кездесетін құс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *