Skip to content

📸Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген сабаншы (манул) кадрға түсірілді!…

📸Шарын ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген сабаншы (манул) кадрға түсірілді!

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек жыртқыш аң – сабаншыны (лат. Otocolobus manul) табиғи мекенінде камераға түсірді.

Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі. Мысықтар тұқымдасына жататын бұл ерекше аңның жүні әлемдегі ең қалың жүндердің бірі саналады. Денесінің әрбір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өседі. Осындай қалың жүнінің арқасында сабаншы –50°C-қа дейінгі аязға төтеп бере алады.

Табиғатта өте сирек көзге түсетін сабаншының объективке ілігуі – ұлттық парк инспекторларының үздіксіз жүргізіп келе жатқан мониторинг жұмыстарының маңызды нәтижесі.

Шарын ұлттық паркі – сирек кездесетін жануарлардың қауіпсіз мекені.