📸Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін тазқараның балапаны кадрға түсті
🔹Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары табиғатты қорғау іс-шаралары барысында сирек кездесетін жыртқыш құс – тазқараның (Aegypius monachus) ұясындағы балапанды бейнекадрға түсірді.
🔹Тазқара – табиғаттағы санитар қызметін атқаратын, экожүйенің табиғи тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқаратын ірі жыртқыш құс. Ол негізінен таулы және жартасты өңірлерде ұялап, әр маусымда көбіне бір ғана балапан өсіреді.
🔹Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мемлекеттік инспекторлар сирек кездесетін жануарлар мен құстарға тұрақты мониторинг жүргізіп, олардың табиғи мекендеу ортасын қорғауға ерекше көңіл бөледі.


