Skip to content

Ұлттық парк мамандары Алматы қаласы, “Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің” студенттерімен бірге “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын өткізді.

?“Орман шаруашылығы” мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-ші курс студенттерімен бірге “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында контейнерлерге бозарша тұқымы отырғызылды, алдағы уақытта студенттер өздері отырғызған тұқымның өсу процессін бақылап, еліміздің жасыл желектерінің санының артуына өз үлестерін қосатын болады.

?Экологиялық мәдениет қалыптастыру, экологиялық білім деңгейін көтеру мақсатында ұлттық парк мамандары ЖОО-ның студенттеріне “Экологиялық сана”, “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар” , “Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылымы” тақырыптарында лекция өткізді.


@qazaqormany