🔥 Өрттің алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз!
🔹Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрттің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
🔹Өрт қаупі жоғары маусымда туристерге, жергілікті тұрғындарға және парк аумағына іргелес орналасқан шаруа қожалықтарының иелеріне ескерту парақшалары таратылып, өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
🔹Сонымен қатар, өртке қарсы профилактикалық іс-шаралар аясында ұлттық парк аумағында 216 шақырым минералдандырылған жолақ жүргізіліп, 20 ақпараттық аншлаг жаңартылды.
Орман мен далада өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайық!