Skip to content

🌷16 наурыз – Ұлттық салт-дәстүр күні

Наурызнама тұжырымдамасы аясында 16 наурыз – ұлттық салт-дәстүр күні. Осы орайда, Шарын шатқалында “Бауырсақ fest – 2025” іс-шарасы өтті. Аумаққа келуші туристерге ұлттық парк қызметкерлері еліміздің қонақжайлық мәдениетін көрсетіп, ұлттық тағамымыз- бауырсақ таратылды.

Шет елден келген туристер қонақжайлығымызға ризашылықтарын білдіріп, еліміздің әсем табиғатын тамашалап, ұлттық салт-дәстүріміздің де куәсі болды.

✨Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, еліміздің ырыс-ынтымағы арта берсін!✨

@uigur_audany_akimdigi
@qazaqormany

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *