Skip to content

Шарын паркінде бүркіттің ұя басқаны анықталды

“Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы құстарды түгендеу және мекендейтін ортасын анықтау” тақырыбы бойынша Ғылым бөлімінің қызметкері мен мемлекеттік инспекторлар бірлесіп, парк аумағында ұя салатын құстарды далалық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Бақылау барысында ҚР Қызыл кітабына енген бүркіттің ұяда жұмыртқа басқаны тіркелді. Осы құстың балапан шығарып, ұшып жетілгенше бақылауда болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *