💧Республика бойынша еліміздің әр өңірінде “Таза Қазақстан” экологиялық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шаралардың бекітілген жол картасы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде “Мөлдір бұлақ” акциясы өткізілді.
💧Акция аясында ұлттық парк аумағындағы бұлақ көздері ашылып, бастау бастарына, бұлақ айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.
💧Аталмыш акция табиғатымызды қорғау, сонымен қатар жабайы жануарларға да қамқорлық көрсетуді көздейді.
✨Бұлақ көрсең, көзін аш!✨