Кекілік – орташа денелі тауық тұқымдастардың өкілі. Ақ тамақты, екі бүйірі ақ және қара қиғаш жолақты ашық өңді құс. Тұмсығы және аяғы – ашық қызыл түсті.
Кекілік – ұяламаған уақытта топтанып жүреді, тұрғылықты құс. Жердегі не тас арасындағы шұқыршықтарға құрғақ шөп төсеп, 7 – 22 жұмыртқа салады. Өсімдік дәнін, жәндіктермен қоректенеді.
