Skip to content

Экологиялық серіктестік: Шарын паркі мен мектеп бірлескен сенбілік өткізді

🔰Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері және Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектеп әкімшілігі “Taза Қазақстан”, “Парктер шеруі-2025” экологиялық акцияларының аясында мектеп ауласында сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара барысында аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 84 дана тал көшеті отырғызылды.

🔰Акцияның негізгі мақсаты — өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру және қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару.

🔰Мұндай шаралар табиғатты аялау мәдениетін дамытуға және жасыл экожүйені қалпына келтіруге өз үлесін қосады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *