2026 жылғы 16 қыркүйекте Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристік және рекреациялық мақсаттағы күрделі нысандарды салу және қайта жаңғырту мақсатында ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін жер учаскелері бойынша тендерлік комиссияның отырысы өткізілді.
Тендерлік комиссия отырысының барысында келіп түскен өтінімдер қаралып, қатысушылардың тендерлік талаптарға сәйкестігі зерделенді.
Комиссия шешіміне сәйкес, тендерге жалғыз қатысушы ретінде қатысқан «Шарынсай» ЖШС тендер жеңімпазы деп танылды.
Тендер қорытындысы комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделді.