Skip to content

🌎♻️“Таза Қазақстан”экологиялық акциясының аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне(World cleanup day)орай…

🌎♻️“Таза Қазақстан”экологиялық акциясының аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне(World cleanup day)орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы сенбілік өткізіп, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді.

🔹Табиғатты қорғау үлкен істерден емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады.Қоқысты жерге тастамау, өзіңнен кейін тазалық сақтау — табиғатқа деген құрметтің белгісі.

🌱 Сіз де табиғатқа өз үлесіңізді қосыңыз: қоқыс қалдырмаңыз, тазалықты сақтаңыз және өзгелерге үлгі болыңыз!

Табиғатты бірге қорғайық. Тазалықты бірге қалыптастырайық!