Skip to content

27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық…

27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен «Шарын шатқалы-Қамалдар аңғары»туристік бағытының аумағында
«Туризм және табиғат:үйлесімді даму жолында» атты кездесу өтті.

Іс-шараға «Іле-Алатауы» және «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, «Алматы» мемлекеттік табиғи қорығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында табиғи аумақтар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, экологиялық туризмді дамыту, тәжірибе алмасу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың туристік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар Шарын шатқалының табиғи ерекшеліктерімен танысып, туристік бағыттарды дамыту, келушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру және табиғи мұраны сақтау бағытында пікір алмасты.