🌿 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман орналастыру жұмыстары аяқталды
🌳Орман орналастыру – орман қорының жай-күйін бағалап, оның аумағын, құрамын және табиғи ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Жүргізілген жұмыстар барысында орман қоры туралы қажетті мәліметтер жинақталып, олардың қазіргі жағдайына талдау жасалды.
🔹Алынған деректер ұлттық парк аумағындағы орман экожүйелерін тиімді басқару, қорғау және сақтау шараларын ғылыми негізде жоспарлауға мүмкіндік береді.