Skip to content

«Есімі – жүрегімізде, еңбегі – тарихымызда» 🌿 1 қазан –…

«Есімі – жүрегімізде, еңбегі – тарихымызда» 🌿

1 қазан – Қарттар күніне орай Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Есімі – жүрегімізде, еңбегі – тарихымызда» атты тағылымды кездесу өтті.

Іс-шара барысында ұлттық паркте ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерді ардақтап, олардың еселі еңбегін елеп,құрмет көрсеттік. Сондай-ақ, арамызда жоқ, ұлттық парктың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагерлерді де сағынышпен еске алдық.

Ардагерлердің әр жылдары атқарған еңбегі – Шарын ұлттық паркінің тарихында өзіндік орны бар құнды мұра. Олардың өнегелі жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Қадірлі ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз! 🤍

Құрметпен, Шарын МҰТП ұжымы.