Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Темірлік аймағында жабайы жануарларға арналған суаттарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – ауа температурасының жоғары кезеңдерінде аң-құстарды ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ экожүйенің табиғи тепе-теңдігін сақтау.
Суаттарды жүйелі түрде тазалау – жабайы жануарлардың тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстар арқылы парк аумағындағы биоалуантүрлілік сақталып, жануарлардың табиғи тіршілік ортасы жақсара түседі.