Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді 🔥🌿

2025 жылдың шілде айында ұлттық парктің аумағында ұзындығы 216 шақырымға созылған минералдандырылған жолақтар тартылды.

🚜 Арнайы техникамен жасалған бұл жолақтар орман өрттерінің таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіледі.

Минералдандырылған жолақ – топырақтың беткі қабаты шөп пен өсімдіктен тазартылып, өрттің табиғи аймақтарға өтпеуі үшін кедергі жасайтын қауіпсіздік шарасы.

Бұл шара ұлттық парк аумағындағы табиғи байлықтарды сақтау және экожүйеге зиян келтіретін факторлардың алдын алу мақсатында атқарылып отыр.

✅ Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *