🔰Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді.
🔰Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлық таныту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында парк аумағындағы қоқыстар жиналып, өзен жағалаулары қоқыстан тазартылды.
🔰Бұл шара табиғатты сақтау ісінде тек парктің қызметкерлерін ғана емес, қоғамдағы әрбір азаматты белсенділікке шақырады. Себебі табиғат – біздің ортақ үйіміз, оны таза ұстау – әрқайсымыздың борышымыз. 🌱


