Skip to content

Шарын ұлттық паркінде биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбында далалық дәріс өтті🌿

🔰Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде “Биоалуантүрлілікті сақтау” тақырыбында экологиялық бағыттағы далалық дәріс пен танымдық жорық ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер және ұлттық парк мамандары қатысты.

🔰Дәріс барысында қатысушылар ұлттық парк аумағына шығып, табиғат аясында жануарлар дүниесі мен құстар әлемімен жақынырақ танысты. Парк қызметкерлері оқушыларға ұлттық парк қызметі мен ерекше экожүйе, сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар мен құстар түрлері туралы қызықты деректермен бөлісті.

🔰Сонымен қатар оқушыларға биоалуантүрлілікті сақтаудың маңызы, табиғатты қорғау ережелері және экологиялық тепе-теңдікті сақтау жолдары түсіндірілді. Танымдық жорық барысында оқушылар жергілікті флора мен фаунаны бақылап, табиғатта жауапкершілікпен мінез-құлық ұстанудың үлгісін көрді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *