Skip to content

?2025 жылғы 8–10 қазан күндері Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ғылыми–практикалық конференция өтті

?2025 жылғы 8–10 қазан күндері Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде парктың 40 жылдық мерейтойына арналған «Табиғатты және биоалуантүрлілікті сақтаудың кешенді жолдары» атты ғылыми–практикалық конференция өтті.

?Бұл жиынға еліміздің әр өңіріндегі экология, ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау саласының мамандары қатысты.

?Конференцияға «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директорының орынбасары Ж. Сартбаев және ғылым бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, биолог-аңшылықтанушы Д. Акимжанов қатысып,
«Еліміздің оңтүстігінде мекен ететін орман қарақасының (Dryomys nitedula) экологиясы және таралу аймағы» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

?Әріптестерімізді Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 40 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғатты қорғау жолындағы еңбектеріңіз табысты болып, парктің экологиялық, ғылыми және туристік әлеуеті арта берсін!