Альдибек Нұрсұлтан Мәкенұлы – орманшы әулетінде дүниеге келген. Табиғатқа тағзым етуді, орманды қорғауды, жас ұрпаққа жасыл мұра қалдыруды ол балалық шағынан бойына сіңіріп өсті. Өйткені оның әкесі – Тастанов Мәкен 40 жылға жуық ғұмырын орман шаруашылығы саласына арнаған абзал жан, білікті маман. Әкесінің еңбегі, табиғатқа деген адалдығы мен сүйіспеншілігі Нұрсұлтанға өмірлік өнеге болды.
Орман – біздің тынысымыз. Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы.
Мен орманшымын және бұл менің мақтанышым! 🌿🌲
#Менорманшымын #Ялесник