Skip to content

?«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әлмерек Жаншықұлы атындағы саябақта көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды

?Табиғатты қорғау және жасыл аймақты көбейту мақсатындағы шара барысында саябақ аумағында 300 түп ағаш көшеті отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыруға бағытталған.

?Акцияға аудандық мекеме қызметкерлері, “Қарадала орман шаруашылығы” КММ-сі “Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ-сі және табиғат жанашырлары белсенді қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты. Сонымен қатар аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, табиғи ортаны сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.