Skip to content

Ұлттық парктің алғашқы орманшыларының бірі – Ғалым Бектұрұлының жасыл жолы

Тореканов Ғалым Бектұрұлы – ұлттық парк құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін абыроймен қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі орманшы. Оның еңбек жолы – табиғатты сүюдің, туған жерге адал болудың нақты үлгісі. Орманшы болу – Ғалым Бектұрұлының мамандығы ғана емес, бұл оның– өмір салты. Қарлы боранда да, шіліңгір ыстықта да орманды күзету, табиғатқа тиген әр зиянға жүрегімен алаңдау, орманды қорғап, тыйым салынған ағаш кесуге жол бермеу, даланы өрттен сақтау, жануарлар дүниесін қорғау, жасыл әлемді көбейту – Ғалым Бектұрұлының шынайы миссиясы.

🌳Мен орманшымын. Табиғатты қорғау – мен үшін міндет емес, парыз.
Менің өмірім орманмен өрілген. Жасыл әлем – менің тынысым.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *