Бакиев Асхат Зерипжанұлы – 2013 жылдан бері қасиетті мекеннің табиғатын қорғап, болашақ ұрпаққа аман жеткізу жолында еңбек етіп келеді. Орманға деген құрмет пен табиғатқа деген сүйіспеншілік жүрегіне бала кезінен сіңген.
Әкесі – Бакиев Зерипжан ұлттық парк құрылған күннен бастап еңбек етіп, орман қорғау саласына өмірін арнаған жан. Қазір зейнетте болса да, табиғатты аялау туралы әңгімелері, орманшыға тән еңбекқорлық пен тәртіп жайлы өсиеттері әлі күнге дейін ұлына жол көрсетіп келеді. Асхат– әке жолын жалғастырушы, орманшы әулеттің ұрпағы.
Орман – тек ағаш емес. Орман – Отан, тыныс, табиғаттың тұмары, өмірдің мәйегі. Оны қорғау – әрқайсымыздың борышымыз. 🌲