🌳Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында табиғатты қорғау саласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлердің еңбегі еленіп, олар төсбелгілермен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
🌳Салтанатты жиын спорттық сайыстармен жалғасын тапты. Қызметкерлер арасында садақ ату, гір көтеру, қол күрес және арқан тарту сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары белсенділік танытты. Жарыс нәтижесінде үздік деп танылған қызметкерлер арнайы марапаттарға ие болды.
🌳Бұл шараның басты мақсаты – табиғатты аялау жолында қажырлы еңбек етіп жүрген орман саласы қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу, сондай-ақ ұжым арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды.