Skip to content

? ТАЗА ҚАЗАҚСТАН-ТАЗА БОЛАШАҚ!

?“Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында “Өнегелі ұрпақ” атты акция ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғау мәдениетін сіңіру, экологиялық сана мен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ отбасылық және қоғамдық бірлікті нығайту болды.

?Акцияға Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектебінің “Әкелер ұйымының” мүшелері, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен ұстаздар белсене қатысты.

?Іс-шара барысында қатысушылар мектеп аумағын тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

?Әкелер мен балалардың бірлесе атқарған еңбегі — экологиялық тәрбиенің айқын көрінісі. Осындай шаралар арқылы жастарға туған жердің табиғатын аялау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау және ұжымдық жауапкершілік сезімін қалыптастыру көзделеді.

?Бұл акция өскелең ұрпаққа үлгі боларлық іс болып, әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.