Бұл мереке – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және даму жолындағы жетістіктерін айшықтайтын ерекше күн.
Осы айтулы күнге орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
?Бас есепші А. Нұрсеитов – өз ісіне адалдығы мен абыройлы еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
?Аға ғылыми қызметкер М. Жумаров пен кадр жөніндегі инспектор К. Сатыбалдиева – табиғатты қорғау ісіне сіңірген еңбегі мен жауапкершілігі үшін Алғыс хаттарға ие болды.
?Бұл марапаттар – әріптестеріміздің кәсіби шеберлігі мен туған табиғатты қорғауға қосқан үлесінің жемісі.
?Шарын ұлттық паркі ұжымы атынан барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз елене берсін, табиғатты қорғау жолындағы игі істеріңізге табыс тілейміз!