Skip to content

3 қараша — Халықаралық биосфералық резерваттар күні! 🌿

Бұл күн ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы аясында экожүйелерді сақтау мен табиғатты тұрақты пайдаланудың маңыздылығын насихаттау мақсатында аталып өтеді.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2018 жылы 25-ші шілдеде “Адам және биосфера” Халықаралық Координациялық Кеңесінің 30-шы сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар желісіне енді. 🌏

Бұл мәртебе — аймақтың биологиялық әртүрлілігін, бірегей табиғи ландшафтарын халықаралық деңгейде мойындау.

ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары – бұл құрлықтық және жағалаудағы, теңіз экожүйелерінің аумақтары немесе ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» (МАВ) бағдарламасы бойынша халықаралық деңгейде танылған экожүйелердің жиынтығы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *