Табиғат — бәpімізге ортақ киелі үй. Оны қорғау — әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Сол себепті жол жиектеріне, жол бойына қоқыс тастамауларыңызды сұраймыз.
Әр тасталған қоқыс – табиғатқа жасалған зиян ғана емес, өз болашағымызға қалдырылған жара екенін естен шығармайық.
Бір адамның тазалыққа жасаған қадамы — мың адамға үлгі.
Келешекке таза із қалдыру өз қолымызда.
Таза Қазақстанға бірге қадам жасайық!
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі баршаңызды табиғатты аялауға шақырады!