Skip to content

ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТАБИҒАТЫН ТЕРЕҢІНЕН ТАНЫҒАН КҮН

?Абай атындағы мектеп-гимназиясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандарының қатысуымен «Ауданымыздың флорасы мен фаунасы» атты ашық алаң ұйымдастырылды.

?Кездесу барысында мамандар оқушыларға ұлттық парк аумағында өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар жайлы кеңінен мағұлмат беріп, ерекше фототұзақ кадрлары және қызықты деректерімен бөлісті.

?Іс-шара оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, туған өлкенің бай биоалуантүрлілігін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.