🚒Ұйғыр ауданында азаматтық қорғау қызметтерінің, сондай-ақ шұғыл әрекет ету жасақтарының қыс мезгіліндегі болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығы жан-жақты тексерілді.
✔️Жаттығу барысында құтқару бөлімшелерінің өзара іс-қимылы, техника мен жабдықтардың жарақтылығы, жеке құрамның шеберлігі мен әрекет ету жылдамдығы бағаланды.
✔️Іс-шараға Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өрт сөндіру жауынгерлік тобы да қатысып, өздерінің кәсіби дайындық деңгейін көрсетті.
✔️Жаттығу нәтижесінде жауапты қызметтердің қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі пысықталып, тиісті тапсырмалар берілді.