Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» туристік бағытындағы бақылау-өткізу пунктінде автоматтандырылған жүйе енгізіліп, толық іске қосылды.
Аталған жүйе келушілер ағынын тиімді реттеуге және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Енді туристерден төлемдер Kaspi QR жүйесі арқылы автоматты түрде қабылданады. Бұл қолма-қол ақшасыз, жылдам әрі қауіпсіз төлем жасауға жағдай жасап, келушілер үшін қолайлылықты арттырады.
Жаңа жүйе туристік бағыттағы тәртіпті күшейтіп қана қоймай, қызмет көрсетудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі келушілерге қолайлы жағдай жасау және заманауи сервистерді енгізу бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыра береді.