Skip to content

📌 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман өртінің алдын алу…

📌 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман өртінің алдын алу бойынша тестілеу өтті

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы №10-П бұйрығы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және авиациялық-өрт қызметі қызметкерлерін орман өртін сөндіруге оқыту қағидаларына» сәйкес, 4 наурыз күні Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман өрттерін сөндіру бойынша оқу бағдарламасының теориялық дайындық деңгейін тексеру мақсатында тестілеу өткізілді.

Тестілеуге Алматы облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы А. Байгазаков қатысып, парк аумағындағы орман өрт сөндіру станциялары қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлардың теориялық дайындық деңгейін бағалады.