🌏3 наурыз – Дүниежүзілік жабайы табиғат күні.
Аталмыш мерекенің мақсаты – жұртшылықтың назарын жабайы табиғаттың әсемдігі мен алуан түрлілігіне аудару, сонымен қатар оған ұқыпты қараудың маңыздылығын ескерту.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Ұлттық паркте:
🐐34 түрлі сүтқоректі,
🦎18 түрлі бауырымен жорғалаушылар,
🐸4 түрлі амфибия,
🦅246-ға жуық құс түрі мекендейді.
🌿915-ке жуық жоғары сатыдағы өсімдіктер, 50-ден аса түрі сирек кездесетін және эндемикалық түр деп есептеледі.
📕Парк территориясында Қазақстанның Қызыл кітабына енген аңдардың 4 түрі кездеседі: қарақұйрық, сабаншы, Ортаазия кәмшаты(құндыз) және Түркістан сілеусіні.
