Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілінде жабайы жануарларды қорғау…

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілінде жабайы жануарларды қорғау мақсатында биотехникалық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.

Қосымша қоректендіру – қыста азық табуы қиын жануарларға арнайы жем, азық дайындап беру.
Қыс мезгілі – жабайы жануарлар үшін ең қиын кезең. Қалың қар мен аяз табиғи азық көздерін азайтып, жануарлардың тіршілігіне қауіп төндіреді. Осындай сәтте қосымша қоректендіру жұмыстарының маңызы зор.