Skip to content

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі…

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында туризмді дамыту және туристік-рекреациялық мақсатта жер пайдалану мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Аталған жиынға мемлекеттік органдар мен салалық құрылымдардың жауапты өкілдері қатысты. Атап айтқанда, облыстық туризм басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өкілдері, сондай-ақ ұлттық парк басшылығы қатысып, өз ұстанымдарын білдірді. Талқылау барысында кәсіпкерлер тарапынан инвестициялық жобалар ұсынылып, қоғам белсенділері де талқылауға онлайн форматта қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында туризм инфрақұрылымын дамыту, жер ресурстарын тиімді әрі мақсатты пайдалану, туристік ағымды реттеу және экожүйелік тұрақтылықты сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды.