Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы және Ұйғыр аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандарының қатысуымен «Алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, зардап шеккендер мен өзін-өзі құтқару шараларын үйрету» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері, зардап шеккендерді құтқару және өзін-өзі қорғау алгоритмдері бойынша теориялық және практикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.