📋2026 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласында Азиялық Даму банкінің Алматы–Бішкек экономикалық дәлізі жобасы аясында туризмді дамытудың шебер-жоспарын жаңарту бойынша консультациялық семинар өткізілді.
Семинардың басты мақсаты — құжат жобасының ұсынымдарын қарастыру және Алматы–Бішкек экономикалық дәлізі аймақтарында туризмнің тұрақты әрі бәсекеге қабілетті дамуын талқылау болды.
Аталған семинарға Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Акрамов Максим Бахтахунович қатысып, туризмді тұрақты дамыту, өңірлік туристік әлеуетті арттыру және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша пікір алмасты.



